Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың Халықаралық күні жыл сайын 25 қарашада атап өтіледі.
26.11.2025 17:21:04 69
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың Халықаралық күні жыл сайын 25 қарашада атап өтіледі. Ол 1998 жылы 29 шілдеде Қазақстан Республикасы ратификациялаған Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Курчатов қаласының аумағында "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн"акциясы өткізіледі.
Акцияның негізгі мақсаты халықтың қалың жігін әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу жөніндегі шаралармен таныстыру, аталған проблемаға қоғам назарын аудару болып табылады.
Егер сіз бірінші қауіп кезінде гендерлік, жыныстық немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне тап болсаңыз, Курчатов қ. ПБ нөмірі 3-38-02 немесе сенім телефоны (вотсап) 8-747-542-06-16 арқылы хабарласыңыз.
Егер сіз полицияға баруға дайын болмасаңыз, онда "Nur Otan" партиясына 3-48-76, "аналар кеңесі", "Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия" +7 705 155 85 18 телефондары арқылы хабарласуға болады, онда сізге психологиялық және құқықтық қолдау көрсетіледі. Сізден талап етілетін нәрсе — тек көмек сұрау.
Сіздің басты міндетіңіз – зиянды әсерден аулақ болу және өзіңізді және жақындарыңызды қорғау. Бұл жолдағы алғашқы қадам – тұрмыстық зорлық-зомбылық "отбасылық іс" немесе тұрмыстық жанжал емес, ауыр қылмыс екенін түсіну
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1113165?lang=kk