Салықтық әкімшілендірудегі жаңа өзгерістер: бизнес нені білуі тиіс

Салықтық әкімшілендірудегі жаңа өзгерістер: бизнес нені білуі тиіс

27.11.2025 12:11:30 86

Авто - нөлдік есептілік

Енді салық төлеуші есептілікті мерзімінде тапсырмаған жағдайда, МКК жүйесі автоматты түрде нөлдік есептілік қалыптастырады.

Бұл мүмкіндік келесіні болдырмайды:

— есептілікті тапсырмау туралы хабарламаларды;

— әкімшілік жауапкершілікті;

— екінші деңгейлі банктерде шығыс операцияларын тоқтатуды.

Санкциялар азайып, қолайлылық артады.


Есептілік формаларының қысқаруы

Салық есептілігінің нысандары 30%-дан астам азайды — 41 ден 28 ге дейін.

Бұл бизнес уақытының үнемделуіне және әкімшілендірудің жеңілдеуіне мүмкіндік береді.

Жаңа нысандар Қаржы министрінің 12.11.2025 жылғы №695 бұйрығымен бекітілген.


Салық есептілігін кері қайтару қызметі алынып тасталды

Жаңа жүйеде әкімшілендіру тәсілі өзгерді, сондықтан есептілікті кері қайтару енді талап етілмейді.


Есептілік тапсыру мерзімін ұзарту нормасы алынып тасталды

Енді бұл норма қажет емес — авто-нөлдік декларация механизмі жұмыс істейді.


МКБ сервистік топтар құрылды

Бұл — салық органдары қызметкерлерінен құралған мобильді топ, ол кейбір салық төлеуші топтарына көмектеседі:

— мемлекеттік қызметтер бойынша;

— декларацияларды толтыру бойынша.


Сервистік топқа 1414 нөмірі арқылы шақыруға болады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1113711?lang=kk