Қазақстан Республикасының аумағынан ауыл шаруашылығы жануарларын әкетуге тыйым салу
27.11.2025 16:40:40 259
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге ауыл шаруашылығы жануарларын әкетуге шектеу шараларының туралы еске салады.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 415 және 416 "Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы" жаңа бұйрықтарына сәйкес 5 қарашадан бастап ірі қара малдың бұқашықтарын әкетуге тыйым салынды. Сондай-ақ қой мен ешкіні әкетуге сандық шектеулер (квоталар) белгіленді. Квоталау шеңберінде 120 мың бас 4 айдан асқан еркек тоқты мөлшеріндегі тірі қойлар мен ешкілерді экспорттауға рұқсат етіледі.
Тыйым салу мен шектеулер 2026 жылғы 30 сәуірге дейін жалғасады.
Шаралар елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты тұрақтандыру және отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын жүктеу мақсатында енгізілді.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1114093?lang=kk