Өскемен қалалық мәслихатында кезектен тыс 39-сессия өтті
27.11.2025 18:20:31 90
Кезектен тыс 39-шы сессияда Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары қала бюджетін нақтылауға және мәслихат шешімдерін заңнамадағы өзгерістерге сәйкес келтіруге байланысты мәселелерді қарады.
Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеу және бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту есебінен қосымша қаражат мүгедек адамдар үшін өтемақы қаражатын сатып алуға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге көп қабатты үйлерде түсу-көтерілу кезінде көмек көрсетуге, отын сатып алу үшін ауылдық жерлерде мамандарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды.
Сондай-ақ, «Таза Өскемен» арнайы техникасының жүргізушілері мен автослесарларының жалақысын арттыруға, кварталішілік жолдарды және жеке секторды қысқы күтіп ұстауды қамтамасыз етуге, жалпы пайдаланымдағы аумақтарды қысқы күтіп ұстау үшін Аумақтық басқару орталықтарына арнайы техниканы жалға алуға қосымша қаражат көзделген.
Бұдан басқа, депутаттар бұрын қабылданған құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру туралы мәселені қарады. Осыған байланысты мәслихаттың «Өскемен қаласында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімі салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты 2026 жылғы
1 қаңтардан бастап күшін жояды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1114339?lang=kk