2025 жылғы 21 қарашада Алматы облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдігі жанындағы сарапшылық кеңестің отырысы өткізілді.

2025 жылғы 21 қарашада Алматы облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдігі жанындағы сарапшылық кеңестің отырысы өткізілді.

27.11.2025 19:00:29 66

2025 жылғы 21 қарашада Алматы облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдігі жанындағы сарапшылық кеңестің отырысы өткізілді.

Отырыста бірқатар мәселе қаралды, оның ішінде сарапшылық кеңес құрамына жаңа мүшелерді енгізу, төраға орынбасары мен хатшысын сайлау, 2025 жылдың 4-тоқсанындағы жұмыс жоспарының тармақтарын орындау бойынша материалдарды дайындау мәселелері талқыланды, оларды іске асыру мерзімдері белгіленді, сондай-ақ сарапшылық кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын құру мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, облыстық Білім басқармасының сарапшылық кеңес құрамына енгізу үшін кандидатура ұсынуы туралы облыстық Білім басқармасына ұсыныс енгізу, сондай-ақ мүгедектік мәселелері жөніндегі әкім кеңесшілерінің еңбек ақысын төлеуді қамтамасыз ету туралы мәселені қарастыру үшін облыс әкіміне ұсыныс енгізу туралы ұсынымдар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty-oblysy/press/news/details/1114385?lang=kk