Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті
28.11.2025 15:51:55 40
2025 жылғы 28 қарашада Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімі Елдос Байрахметов, аудан әкімінің орынбасарлары, Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы бөлімінің, Үлкен Нарын ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің, Үлкен Нарын ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшылары, Үлкен Нарын ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының Үлкен Нарын ауданы филиалының директоры, Ново-Хайрузовка, Солоновка, Үлкен Нарын ауылдық округтерінің әкімдері, Нарын таңы газетінің тілшісі қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы онлайн режимде интернет желісінде трансляцияланды.
Сессияда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 9/80–VIІI «2025-2027 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы, Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясының жұмысына үзіліс жариялау туралы мәселелер қаралды.
Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөйлеген Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Акимбетова Үлкен Нарын ауданының бюджетіне енгізілген өзгерістермен таныстырды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Елеусизов сөйледі. Ол Үлкен Нарын ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы шешім жобасы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес әзірленгенін айтып түсіндірді.
Күн тәртібіндегі мәселелерді саралап қарап, талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.
Мәслихат аппараты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1115108?lang=kk