Қатты тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқысты шығару бойынша өтініштерді қабылдау тәртібі
28.11.2025 17:40:54 101
Сіз iKomek-ке қатты тұрмыстық қалдықтар мен үлкен қоқыстарды көпқабатты тұрғын үй аумағынан шығару туралы келесі әдістердің бірін қолдана отырып жүгіне аласыз:
Бірыңғай тегін 109 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Whatsapp мессенджерлеріне, Telegram чат-ботына, Instagram-ға жазыңыз.
SmartQostanai мобильді қосымшасы арқылы хабарласыңыз.
Өтінішті тіркеу үшін операторларға төмендегі ақпаратты хабарлауды ұмытпаңыз, сонда өтінім барынша жылдам өңделеді:
• Қоқысты шығару қажет нақты мекенжай (қала, көше, үй нөмірі).
• Қоқыс түрі: ҚТҚ (контейнер толып кетсе) немесе ҮКҚ (мысалы, ескі жиһаз).
• Мәселенің толық сипаттамасы: мысалы, «контейнерлер толып кетті», «ҮКҚ контейнері бірнеше күн бойы шығарылмады» немесе «пәленші күні қойылған ҮКҚ әлі шығарылмады».
• Байланыс деректері.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1115338?lang=kk