ҚР Елшісі Е. Қыстафиннің Карачи қ. жұмыс сапары туралы
28.11.2025 17:51:06 83
Синд провинциясы, 2025 жылғы 22-26 қараша – Қазақстан Елшісі Е.Қыстафин халық саны бойынша ең ірі (30 млн. адам) және елдің жетекші теңіз порты, сондай-ақ әлемдегі 7-ші агломерация болып табылатын Карачи қ. жұмыс сапарымен барды.
Сапардың бірінші бөлігі Карачи қ. ресми тұлғалармен және көлік-логистикалық компаниялары мен іскер топтарының өкілдерімен кездесулерден тұрды.
Карачи қ. Комиссары Саид Хасан Накви мырзамен келіссөздерде Синд провинциясының астанасымен ынтымақтастық және қала деңгейінде өзара іс-қимыл орнату мәселелері талқыланды. Карачи қ. басшысы ұсынылған бастамаларды толығымен қолдап, Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу ниетін растады.
Пәкістан Мемлекеттік банкінің Төрағасы Джамиль Ахмад мырзамен кездесуде қаржы секторындағы, ең алдымен екі елдің коммерциялық банктері арасындағы байланыстарды дамыту мәселелері қаралды. Тараптар екіжақты сауда ынтымақтастығын одан әрі арттыру үшін банкаралық арналарды орнатудың маңыздылығын атап өтіп, өзара мүдделілік білдірді.
Қазақстан дипмиссия басшысы «Фауджи қоры» тобына кіретін компанияларға, атап айтқанда «Фауджи Мит ЛТД», сондай-ақ «Фауджи мұнай терминалы және дистрибьюторлық компаниясы» және «Акбар Фауджи порты» теңіз порт терминалдарына барды. Елші кәсіпорындардың инфрақұрылымымен және қызметімен танысты, Қазақстан іскерлік және инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтып, екіжақты қатынастардағы көлік-логистика саласының басым мәнін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, Ержан Қыстафин «Карачи Порт терминалының» басшылығымен келіссөздер жүргізіп, отандық тауарлардың сыртқы нарықтарға транзиті үшін мүмкіндіктерді талқылады.
«TCS» компаниясының басшысы Халид Наваз Аван мырзамен кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауарлар мен жүктердің үздіксіз жеткізілуін нығайту бойынша одан әрі практикалық қадамдарды талқылады.
Ержан Қыстафин сондай-ақ «Хиранис фармацевтика» фармацевтикалық компаниясына және «Лаки Кор Индастрис» компаниялар тобының фармацевтикалық бөлімшесіне барып, өндірістік процеспен танысып, ынтымақтастықты жолға қою перспективаларын талқылады.
Өткен келіссөздерде Пәкістанның ресми және іскер топтарының өкілдері ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ делегацияларды Қазақстанға жіберуге терең қызығушылық танытты.
Қазақстан Елшісі Қазақстан-Пәкістан Іскерлік Кеңесіні Тең Төрағасы Мехмуд ул Хасан Аван мырзаға Карачи қ. болған кезінде көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1115381?lang=kk