«Бір шаңырақ астында» көрмесі Семей қаласында
01.12.2025 14:30:36 44
Семей қаласындағы «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Бір шаңырақ астында» атты көрменің салтанатты ашылуы болды. Көрме XIX-XX ғасырлар тоғысында жасалған күнделікті және мерекелік халық костюмдерін және Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қор топтамасынан алынған тұрмыстық заттардың кейбір түрлерін ұсынады. Көрменің жәдігерлері Қазақстан халқының дәстүрлі мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігін көрсетеді. Көрменің ашылуында өткізілген экскурсия барысында музей қызметкерлері күнделікті тұрмыста және салт-дәстүрлерде халық костюмінің маңыздылығы жөнінде айтып берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1116197?lang=kk