Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарларға тапсырыс беру кезінде мүгедектігі бар адамдардың назарына!

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарларға тапсырыс беру кезінде мүгедектігі бар адамдардың назарына!

01.12.2025 16:40:57 57

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарларға тапсырыс беру кезінде мүгедектігі бар адамдардың назарына!

 

Мүгедектігі бар адамдар жеке абилитация және реабилитация бағдарламасына сәйкес Әлеуметтік қызметтер Порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметерімен қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік қызметтер порталының мақсаты – мүгедектігі бар адамдар мен жеткізушілер арасында тікелей өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді дербес таңдау құқығын беру.

Портал арқылы тауарлар мен қызметтерді алушыларынан алынған тауардың сипаттамаларына (маркасы, функционалдық мүмкіндіктері) және жарамдылығына назар аудару талап етіледі.

Егер жеткізілген тауар тапсырыс берілген тауарға сәйкес келмесе, қызмет алушы оны қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Қазақстан Республикасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының нормаларына сәйкес, пайдалану барысында тауардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, қызмет алушы тауарды 14 күнтізбелік күн ішінде қайтаруға құқылы.

Бұдан бөлек, мүгедектігі бар адамдарға берілген ОТҚ және арбалар жаңа болуы, бұрын пайдаланылмаған болуы тиіс және оларды басқа тұлғаларға сатуға немесе беруге болмайды (Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларының 9-тармағына сәйкес).

Осыған байланысты, Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалту құралдарын алған мүгедектігі бар адамдар аталған талаптарды сақтауға міндетті.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беру және алу кезінде осы мәселелерге назар аударуды, өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білуді сұраймыз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1116443?lang=kk