️Қазақстан Республикасы аумағына тас өнімдерінің үшінші елдерден жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы.
01.12.2025 17:23:34 28
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 2 қарашадағы № 506 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағына тас өнімдерінің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы»Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 02.09.2025 жылғы №342 бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Өзгерістерге сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тас өнімдерінің жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды
✅6801000000 - тас төсегіштер, жиектемелі - табиғи тастан төсеуге арналған тастар мен плиталар (тақтатастан басқа),
✅6802931000 - гранит жылтыратылған әшекейленген немесе таза салмағы 10 кг немесе одан астам, оюланғаннан басқа, өзге де өңдеуден өткен,
✅6802939000 - ескерткіштер немесе құрылысқа арналған гранит) көліктің барлық түрлерімен әкелуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілді.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1116503?lang=kk