Қазақстан Алжирге 390 мың тонна бидай экспорттады

Қазақстан Алжирге 390 мың тонна бидай экспорттады

02.12.2025 08:00:54 134

АЛЖИР, 2025 ж. 1 желтоқсан – 2025 жылғы қаңтар-қараша кезеңінде Қазақстан алғашқы рет Алжирге 390 мың тонна бидайдың үлкен көлемін 100 миллион АҚШ долларынан астам сомаға экспорттады.

Бұған 2025 жылы Қазақстандағы көлік шығындарын мемлекеттік субсидиялау, сондай-ақ сыртқы саясат деңгейіндегі елеулі қолдау айтарлықтай ықпал етті.

Мемлекет басшысының қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық нарықтарға шығару жөніндегі тапсырмасына сәйкес ҚР Алжирдегі Елшілігі осы еліндегі негізгі мемлекеттік ұйымдар мен ведомстволардың басшылығымен келіссөздер жүргізді.

2025 жылғы 14 қаңтарда Елші Әнуарбек Ахметов бидай мен бұршақ дақылдарын орталықтандырылған мемлекеттік импорттық сатып алуды үйлестіретін Алжир дәнді дақылдар жөніндегі кәсіпқой аралық кеңсесінің (OAIC) Бас директоры Насреддин Мессаудпен кездесті. Кездесу барысында оған «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ ұсынған зертханалық зерттеулердің нәтижелері бар қазақ бидайының үлгілері ұсынылды. OAIC басшысы біздің бидайдың сапасына жоғары баға беріп, оны Алжир нарығына жеткізуді ұйымдастыруға қызығушылық танытты.

2025 жылғы 22 маусымда Ә.Ахметов Алжирдің Ауыл шаруашылығы министрі Юсеф Шерфамен келіссөздер жүргізіп, ол Қазақстанмен ауыл шаруашылығы саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты, оның ішінде Алжирге біздің астықты жеткізуді кеңейтуге саяси қолдау білдірді.

Жалпы, Қазақстанның Алжирге бидайдан бөлек, ет, бұршақ және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлерін экспорттау мүмкіндігі зор.

Анықтама: Алжир жыл сайын 9 миллион тоннаға дейін жұмсақ сортты сатып алатын дүние жүзінде бесінші орында тұрған ірі бидай импорттаушылардың бірі болып табылады. Жеткізулер мемлекет тарапынан орталықтандырылған және халықаралық тендерлерді үнемі өткізетін Алжир дәнді дақылдар жөніндегі кәсіпқой аралық кеңсесінің арқылы қатаң басқарылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-algeria/press/news/details/1116735?lang=kk