Маңғыстауда қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері студенттермен кездесті

Маңғыстауда қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері студенттермен кездесті

02.12.2025 10:10:54 75

Маңғыстау облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг мемлекеттік университетінің студенттерімен профилактикалық кездесу өткізді.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесудің негізгі мақсаты – жастарға құқық бұзушылық пен қылмыстың салдарын түсіндіру, заңды білудің маңызын жеткізу және саналы таңдау жасауға ынталандыру.

Кездесу барысында сотталғандардың шынайы өкініші бейнеленген бейнеролик көрсетілді. Қылмыстық заңнама нормалары түсіндіріліп, лудомания, алаяқтық және интернет-алаяқтық тақырыптары қарастырылды. Мамандар бір қателіктің адам тағдырына қалай әсер ететінін нақты мысалдармен жеткізді.

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері қылмыс ешқашан мәселенің шешімі болмайды – керісінше, адамның еркіндігін шектеп, болашаққа жолын жабуы мүмкін екенін атап өтті.

- Негізгі назар құқықтық сауатқа бағытталды . Заңды білу – тек теория емес, адамның өз өмірін қорғауға мүмкіндік беретін нағыз құрал, – деді Қанат Қасымбеков, ҚАЖД сотталғандар арасында әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімнің бас маманы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-kost/press/news/details/1116836?lang=kk