Қарағанды облысында этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңейтілген жиын өтті

Қарағанды облысында этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңейтілген жиын өтті

02.12.2025 15:10:57 70

2025 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінде мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті.

Жиынға:  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Өркен Болатқызы Алшынбаева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Кайсар Хайранович Акбаров қатысты.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің әдептілік қағидаларын сақтау талаптары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шаралары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру және қоғамның сенімін күшейту жолдары талқыланды. Әсіресе қызметтік әдеп мәдениетін нығайту және әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Жиын қорытындысы бойынша, әдеп стандарттарын жетілдіру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1117157?lang=kk