Портал арқылы техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін ұсыну кезінде бұзушылықтарға жол бермеу туралы

Портал арқылы техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін ұсыну кезінде бұзушылықтарға жол бермеу туралы

02.12.2025 17:31:03 68

    Әлеуметтік қызметтер Порталы мүмкіндігі шектеулі адамдарды техникалық және оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ Өнім берушіні өз бетінше таңдауға арналған. Алушы, Өнім беруші және Уәкілетті орган арасындағы өзара іс-қимыл Портал арқылы жасалатын Шарт аясында жүзеге асырылады.

Өнім берушілер Порталда орналастырылған ақпаратқа толық сәйкес тауарлар мен қызметтерді ұсынуға міндетті. Қосымша шарттар енгізуге, акциялар өткізуге, жарнама орналастыруға, сондай-ақ қосымша тауарлар, қызметтер немесе сыйақылар ұсынуға жол берілмейді.

Алушының жалғыз қаржылық міндеттемесі — таңдалған техникалық және оңалту құралының құны заңнамада белгіленген кепілдендірілген сомадан асқан жағдайда тек айырманы төлеу болып табылады .

Бұзушылықтар, алаяқтық белгілері немесе қосымша қызметтерді мәжбүрлеп ұсыну анықталған жағдайда, Алушылар бұл туралы Уәкілетті органдарға дереу хабарлауы қажет. Мұндай ақпарат Порталдың адал емес Өнім берушілерін тізілімнен шығару мәселесін қарастыруға негіз болады.

Порталдың жұмысына қатысты сұрақтар бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығына немесе 8 (7222) 36-01-72 телефоны арқылы Басқармаға хабарласуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1117428?lang=kk