Заңдарға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер
03.12.2025 09:50:31 87
Ағымдағы жылдың қараша айында мемлекет басшысы зияткерлік меншік саласындағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңға қол қойды.
Заң зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік мәселелері бойынша заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер:
Басты жаңалық ұжымдық құқықтарды басқару саласында Бірыңғай цифрлық платформа (БЦП) болды. Ол шығармалардың, туындылардың пайладанылуын және сыйақы есептеуді бірыңғай жүйеде тіркеуге мүмкіндік береді, бұл авторлармен пайдаланушылар үшін ашықтық пен қолайлықты қамтамасыз етеді. Бұл платформаны енгізу сыйақыны жинау мен бөлуді әділ етеді. Көрсетілген сыйақыны сараптама ұйымы Заңға сәйкес құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар арасында бөледі. Сыйақының мөлшерін, оны жинау, бөлу және төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының уәкілетті органы белгілейді.
Цифрландыру зияткерлік меншік саласындағы ашықтық пен тиімділікті арттыра түседі.
Сонымен қатар, көру қабілеті бұзылған адамдарға жарияланған шығармаларға автор рұқсатынсыз және сыйақысыз қол жеткізу мүмкіндігі берілді.
Тауар белгісін тіркеу мерзімі жеделдетілген тәртіпте 3 айға дейін қысқарды.
Тауар белгісін тіркеуге қарсы шығу мерзімі 1 айдан 2 айға дейін ұзартылды.
Авторлық және сабақтас құқықтарға мемлекеттік бақылау күшейтілді.
Сонымен қатар, осы заңның негізінде, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне (ерекше бөлім), Кәсіпкерлік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексіне, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының Патент Заңы», «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы», «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы», «Әділет органдары туралы» Заңдарына өзгерістер енгізілді.
Бірқатар өзгерістер-әсіресе тауар белгісін тіркеу тәртібі, цифрлық платформа- қолданысқа 2026 жылы енгізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1117667?lang=kk