БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
04.12.2025 11:30:27 89
Шымкентте лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өткізу туралы
2025 жылғы 5-6 желтоқсанда Шымкентте терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді.Оқу-жаттығулар терроризмге осал нысандардағы түрлі сценарийлерге жедел ден қоюға бағытталған.
Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысына қатысты шаралар қарастырылған.
Қала тұрғындары мен қонақтарын осы оқиғаға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тиісті мемлекеттік органдардың заң талаптарын орындауды сұраймыз.