СЭҚ қатысушыларына кедендік қарап-тексеру және қарау тәртібі түсіндірілді

СЭҚ қатысушыларына кедендік қарап-тексеру және қарау тәртібі түсіндірілді

09.12.2025 17:50:44 57

2025 жылғы 9 желтоқсанда «Өскемен - КРО» кеден бекеті алаңында сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) қатысушылары үшін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік қарап - тексеру тәртібіне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – кедендік бақылау рәсімдерінің ашықтығын арттыру, СЭҚ қатысушыларының құқықтары мен міндеттері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ кеден органдары мен бизнес өкілдері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту болды.

Дөңгелек үстел жұмысына кеден қызметкерлері, салалық мамандар және өңірдің импорттаушы әрі экспорттаушы компаниялары қатысты.

Кездесу барысында кеден мамандары қарап-тексеру және қарау рәсімдерінің кезеңдері, құжаттамалық сүйемелдеу талаптары, қосымша бақылау түрлерін жүргізуге негіздер және СЭҚ қатысушыларына қатысты өзекті мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірме берді. Ерекше назар рәсімдерді жылдамдату және кеден қызметі мен бизнес арасындағы өзара әрекеттестікті оңтайландыру мәселелеріне аударылды.

Қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, тәжірибеде туындайтын мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды. Кеден қызметкерлері барлық сұрақтарға толыққанды жауап беріп, алдағы уақытта да іс-шараны жалғастыруға дайын екендіктерін атап өтті.

Шара қорытындысы бойынша қатысушылар мұндай кездесулердің ақпарат алмасуда, құқықтық сауаттылықты арттыруда және мемлекеттік органдармен тиімді коммуникация орнатуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1122236?lang=kk