Алматыда АИТВ инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды
10.12.2025 12:40:56 184
2025 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Қазақстандағы БҰҰ-ның АИТВ/ЖИТС жөніндегі Бірлескен бағдарламасы (UNAIDS) агенттігі ұйымдастырған «Қазақстан Республикасында 2030+ кезеңіне арналған АИТВ инфекциясына қарсы іс-қимылдың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық көзқарасты» атты презентацияға қатысып, сөз сөйледі. Іс-шара барысында қатысушылар АИТВ-ға уақтылы ден қою шараларын, заманауи алдын алу бағдарламаларын енгізуді, сондай-ақ халықаралық ғылыми қауымдастықпен әріптестікте сапалы медициналық-әлеуметтік көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстанның халық денсаулығын қорғауға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қауіпсіз, инклюзивті және орнықты болашақ құру жөніндегі ұстанымын растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1122743?lang=kk