Жеке қабылдауда айтылған әрбір мәселелер бақылауда

Жеке қабылдауда айтылған әрбір мәселелер бақылауда

19.12.2025 18:40:59 221

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек азаматтарға жеке қабылдау жүргізіп, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Кезектілік тәртібімен өткен қабылдауға 20-ға жуық азамат келді.

Көтерілген негізгі мәселелер қатарында тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік саласы, жарықтандыру, көшелерді жөндеу сынды сұрақтар болды.

Қабылдау барысында аудан басшысы әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берді.

Айтылған мәселелер бақылауда болатынын айтып, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, e-otinish.kz базасы немесе әкімдікке жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1129276?lang=kk