Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кальян орындарының қызметін лицензиялау мәселесі бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін жария талқылау өткізеді.
21.12.2025 12:00:23 248
2025 жылғы 22 желтоқсанда сағат 17:00-де Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Zoom конференциясы арқылы кальян орындарының қызметін лицензиялау мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін жария талқылау өткізеді.
Іс-шара барысында төмендегілер бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде жүргізілген реттеушілік әсерді талдау қорытындылары талқыланатын болады:
- Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы.
Қатысуға қоғамдық ұйымдардың және бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері шақырылады.
2025 жылғы 22 желтоқсанда сағат 17:00-де ҚР ҚМ МКК Zoom конференциясы арқылы кальян орындарының қызметін лицензиялау мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін жария талқылау өткізеді.
Қатысушылардың кандидатураларын (ТАӘ,лауазымы) және электрондық мекенжайларын электрондық zha.dzhumagulova@kgd.gov.kz 22.12.2025 ж. сағат 15:30-ға дейін мекенжайға жіберуді сұраймыз.
Zoom конференциясына сілтеме талқылауға қатысушылардың электрондық мекенжайларына бағытталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1129463?lang=kk