Солтүстік Қазақстан облысында ҚАЖ қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Солтүстік Қазақстан облысында ҚАЖ қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

22.12.2025 16:41:07 226

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2025 жылғы 30 шілдедегі бұйрығымен 13 желтоқсан қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде ресми түрде бекітілді.

Осы маңызды оқиғаға орай Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Мерекеге қызмет атқарып жүрген қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері, ҚАЖ ардагерлері, қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған қызметкерлердің туыстары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері мен құрметті қонақтар қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің, қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті төрағасының, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің және ҚАЖ департаменті бастығының атынан 100-ден астам адам марапатталды. Қызметкерлерге ведомстволық наградалар, «ҚАЖ үздігі», «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдары табысталып, бірқатар қызметкерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар беріліп, алғыс хаттар мен грамоталар тапсырылды.

Салтанатты жиында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Мұрат Нәкенов құттықтау сөз сөйлеп, кәсіби мерекенің бекітілуінің маңыздылығын атап өтті. Ол ардагерлерге алғысын білдіріп, жеке құрамға қызметтеріне табыс тіледі.

Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланды. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталып, бірлік пен кәсіби мақтанышқа толы атмосфера қалыптастырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1129996?lang=kk