Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
22.12.2025 19:10:42 111
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезекті 43-сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес сессияда 5 мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Бірінші мәселе: Аудандық мәслихат төрағасы Е. Әжікенов 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Баяндамада мәслихат қызметінің негізгі бағыттары, қабылданған шешімдер мен олардың орындалу барысы жан-жақты қамтылды.
Екінші мәселе: Аудан әкімінің орынбасары Т. Нұртазаев 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасы туралы хабарлама жасады. Бюджет жобасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған негізгі көрсеткіштер мен қаржыландыру көздері ұсынылды.
Үшінші мәселе: Аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Б. Смайлов аудандағы жастар саясатын қолдау және жетілдіру шаралары туралы баяндады. Жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған бағдарламалар мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар таныстырылды.
Төртінші мәселе: Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е. Ахетов «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №159 шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарлады.
Бесінші мәселе: Сырдария аудандық мәслихатының 2026 жылдың І жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселесі қаралды. Бұл тақырып бойынша аудандық мәслихат аппаратының басшысы Г. Божан баяндама жасады.
Сессия барысында аудан әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат берді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, сессия жұмысы қорытындыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1130227?lang=kk