АҚШ-тың жаңадан тағайындалған Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады
08.01.2026 20:10:34 771Астана, 2026 жылғы 8 қаңтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Америка Құрама Штаттарының жаңадан тағайындалған Елшісі Джули Стаффттан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.
Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің ағымдағы жағдайы мен перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар бірлескен жұмысқа дайындығын растап, диалогты жалғастыру туралы келісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1138353?lang=kk