2, 3, 4 бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі
03.02.2026 16:55:06 120
2026 жылғы 29 қаңтар күні ️ 2, 3, 4 бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің базасында өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтау және қолдау, сондай-ақ білімдерін тереңдетіп, кеңейту.
🔹Аудандық кезеңге барлығы 54 оқушы қатысып, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.
🏆Жарыс қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды: қазақ тілінде оқитын сыныптар:
🥇 I орын – “#1 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ
🥈 II орын – “Өндіріс орта мектебі” КММ
🥉 III орын – “Қоянбай орта мектебі” КММ
Орыс тілінде
оқитын сыныптар:
🥇 I орын – “Глуховка орта мектебі” КММ
🥈 II орын – “Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебі” КММ, “Канонерка орта мектебі”КММ
🥉 III орын – “Н.Баймұратов атындағы орта мектебі” КММ, “Қара-Мырза негізгі мектебі” КММ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1153792?lang=kk