ҚҚС бойынша сұрақтар мен жауаптар

ҚҚС бойынша сұрақтар мен жауаптар

03.02.2026 18:07:07 160

Бейрезеденттен жұмыстар, қызметтер сатып алу айналымы бөлігінде қандай өзгерістер болды?

Жауап:
Бейрезеденттен жұмыстар, қызметтер сатып алу айналымын тану тәртібі өзгерген жоқ. Сонымен бірге салықты әкімшілеуді жеңілдету мақсатында оны тану және шегерімге жатқызу тәртібі өзгертілді.
1) бейрезеденттен жұмыстар, қызметтер сатып алу айналымдары бойынша ҚҚС төлеушісі ЭШФ-ні өзінің мекенжайына шығарады.
2) ЭШФ бейрезедент үшін ҚҚС-ті бюджетке төлеу күнінен кейін, бірақ мұндай төлем күнінен кейінгі 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей шығарылады.
3) Бейрезедент үшін ҚҚС сомасы шығарылған ЭШФ негізінде, осындай ЭШФ шығарылған күні бойынша шегерімге жатқызылады.

2026 жылдан бастап тұрғын үйлерді сату және жалға беру бойынша ҚҚС салығы қалай өзгереді?

Жауап:
2026 жылдан бастап тұрғын үйлерді сату және жалға беруден ҚҚС-тен босату бойынша өзгеріс енгізілді.
Құрылыс компаниясының құрылысы 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін басталған және (немесе) пайдалануға тапсырылған тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бөлігін) сатуы ҚҚС-тан босатылады.
Сондай-ақ, ҚҚС-тан босату 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалға беру және сатып алу құқығымен жалға беру шарты бойынша тұрғын үй ғимаратын (тұрғын үй ғимаратының бөлігін) жалға беру кезінде қолданылады.

Жаңа Салық кодексіне сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алушы шот-фактура бойынша ҚҚС сомасын қай күні шегерімге жатқызады, ҚҚС-ті шегерімге жатқызу тәртібі өзгерді ме?

Жаңа Салық кодексі тауарды, жұмысты, қызметті алу күні бойынша шот-фактура бойынша ҚҚС сомасы шегерімге жатқызылатынын қарастырады.
Бұл ретте ҚҚС сомасын шегерімге жатқызу үшін ҚҚС төлеушісі  ЭШФ-ны АЖ осындай ЭШФ бойынша ҚҚС сомасы шегерімге жатқызылатыны туралы белгі қояды.

Егер 2025 жылы 4-ші тоқсанда тауарлар мен қызметтер сатып алынған болса, ал олар бойынша ЭШФ 2026 жылы ресімделген болса, онда ҚҚС-ті шегерімге қалай алу керек? 12% немесе 16%?

Жауап:
Егер айналым жасалған күн 2025 жылдың 4-ші тоқсанына келсе, онда ЭШФ шығару кезінде 2025 жылы қолданыста болған ҚҚС мөлшерлемесі, яғни 12% қолданылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1153976?lang=kk