Самарқандта қазақстандық компаниялар «AGROPRO EXPO – 2026» халықаралық көрмесіне қатысты
06.03.2026 08:03:59 134
2026 жылдың 3 наурызында Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулдығының өкілдері Орталық Азия, Ресей, Қытай, Түркия және Иран елдерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін, техникасын, жабдықтарын, агрохимиялық заттарын, фермаларға арналған автоматтандыру жүйелерін және ауыл шаруашылығы саласындағы басқа да заманауи әзірлемелерді ұсынған бесінші халықаралық «AGROPRO EXPO - 2026» көрмесіне қатысты.
Көрмеге қазақстандық жем өндіруші «Гермес 4» (Қостанай) және Қазақстан жылыжай қауымдастығының өкілдері де қатысты.
Көрмеде ауыл шаруашылығы саласын дамытудың өзекті мәселелері қарастырылған панельдік сессиялар мен семинарлар өтті және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды пайдалануды қоса алғанда, инновациялық шешімдерді енгізудегі тәжірибелермен бөлісуге мүмкіндік берді.
Көрме аясында Бас консулдықтың өкілдері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы дамуды, үрдістерді және ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы Қазақстанға инвестиция тартуға мемлекеттік қолдау туралы ақпарат алмасу үшін бірқатар кездесулер өткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/1175964?lang=kk