2026 жылғы ақпандағы мониторинг кәсіпорындарынан МБ-ға салық төлемдерінің түсуі
30.03.2026 15:02:15 165
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша республикалық мониторингтің 12 кәсіпорны тіркелген: «Казцинк» ЖШС; «Востокцветмет» ЖШС; «Орика-Қазақстан» АҚ; «Үлбі металлургия зауыты» АҚ; «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ; «Ульба-ТВС» ЖШС; «Altyn Shyghys» ЖШС; «ОблШығысЖол» ЖШС; «Усть-Каменогорская ТЭЦ» ЖШС; «Усть-Каменогорская птицефабрика» АҚ; «Объединенная ЭнергоСервисная Компания» ЖШС; «AK NIET GROUP» ЖШС.
2026 жылғы ақпанда салық төлемдері бойынша мемлекеттік бюджетке, жоғарыда аталған кәсіпорындардан 44,9 млрд.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке – 3,4 млрд.теңге, республикалық бюджетке – 41,5 млрд.теңге, салық төлеушінің есеп шотына, "0" қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере отырып, 2,2 млрд.теңге түсті.
Облыс бойынша мемлекеттік бюджетке жалпы түсімде республикалық мониторингте тұрған кәсіпорындардан түсетін түсімдердің үлесі 48,3% - ды, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша – 15,1% - ды; республикалық бюджет бойынша 59,1% - ды құрайды.
Мониторинг кәсіпорындары бойынша 2026 жылғы 2 айдағы түсімдер статистикасы:
Салық төлемдері бойынша мемлекеттік бюджетке 55,4 млрд.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке – 5,4 млрд.теңге, республикалық бюджетке – 49,9 млрд.теңге, салық төлеушінің есеп шотына, "0" қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере отырып, 2,2 млрд.теңге түсті. Облыс бойынша мемлекеттік бюджеттің жалпы түсімінде келтірілген кәсіпорындардан түсетін түсімдердің үлесі 47,8% - ды, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша – 14,2% - ды; республикалық бюджет бойынша 64,2% - ды құрайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1189635?lang=kk