Шығыс Қазақстан облысында өткен брифингте көлік салығын төлеу мерзімдері мен салық заңнамасындағы өзгерістер түсіндірілді

Шығыс Қазақстан облысында өткен брифингте көлік салығын төлеу мерзімдері мен салық заңнамасындағы өзгерістер түсіндірілді

30.03.2026 15:14:33 157

2026 жылғы 26 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сайранқан Қабыштың қатысуымен брифинг өтті. Брифинг барысында көлік салығын әкімшілендіру, оны төлеу мерзімдері, халық арасындағы салық берешегі және заңнамадағы өзгерістер мәселелері талқыланды.

Спикердің айтуынша, 2025 жыл үшін көлік құралдары салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірде аяқталады. Салықты есептеу кезінде 2025 жылы қолданыста болған 3 932 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады. Салық сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми порталында және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы дербес есептеуге болады. Төлем банк қосымшалары, банкоматтар мен төлем терминалдары арқылы жүзеге асырылады.

2026 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша облыс бойынша салық берешегі 6 907 салық төлеушіге 385,9 млн теңгені құрады, бұл ретте берешектің азаюы байқалады. Берешекті өндіріп алу үшін бірқатар шаралар қолданылуда, оның ішінде істерді жеке сот орындаушыларына жолдау.

Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап күшіне енген салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер де жткізілді. Атап айтқанда, көлік құралдарының иелері үшін салық жүктемесі төмендетілді: қолдану мерзімі 10 жылдан асқан автокөліктер үшін салық 30%-ға дейін, ал 20 жылдан асқандар үшін 50%-ға дейін азайтылады. Бұдан бөлек, шаруа қожалықтары бір пикап үшін салық төлеуден босатылады, ал көлік құралдары бар заңды тұлғалар 701.00 нысаны бойынша ағымдағы төлемдер есебін тапсырудан босатылады.

Брифинг соңында спикер автокөлік иелерін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының алдын - алу үшін 1 сәуірге дейін салықты уақтылы төлеуге шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1189658?lang=kk