«Ақылды қалаларды» құру әдістемесін іске асыру және мемлекеттік қызметшілердің цифрлық құзыреттерін арттыру туралы
31.03.2026 14:37:18 206Ағымдағы жылдан бастап «Ақылды қалаларды» құру әдістемесі жергілікті атқарушы органдар үшін міндетті сипатқа ие болды. Осыған байланысты аталған Әдістеме аясында жобаларды іске асырудың үздік тәжірибелері мен шешімдерді енгізу бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін жүйелі әрі кең ауқымды түрде ақпараттандыру мәселесі ерекше өзектілікке ие.
Әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету мақсатында https://smart-city.govarch.kz/ мамандандырылған ақпараттық ресурсы (бұдан әрі – ақпараттық ресурс) әзірленді. Аталған ресурста әдістемелік материалдар, ұсынымдар, жобаларды іске асырудың үздік тәжірибелері, сондай-ақ «ақылды қала» бастамаларын енгізуге қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен мамандар үшін өзге де пайдалы ақпарат орналастырылған.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің цифрлық құзыреттерін дамыту мақсатында Министрлік цифрлық дағдыларды дамыту бойынша оқыту бағдарламасын іске асыруда. Аталған бағдарлама аясында тыңдаушыларға Smart Data Ukimet (https://sdu.gov.kz/) және Жасанды интеллектінің ұлттық платформасына (https://nitec-ai.kz/) қолжетімділік беру жоспарлануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-digital/press/news/details/1190446?lang=kk