Табиғи монополия субъектілеріне салық салу практикасы туралы

Табиғи монополия субъектілеріне салық салу практикасы туралы

01.04.2026 09:51:54 194

Табиғи монополия субъектілеріне салық салу практикасы туралы
Табиғи монополия субъектілеріне (ТМС) салық салу практикасын түсіндіру мақсатында төмендегіні хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметі бойынша, ТМС-тің реттелетін қызметтеріне тарифтер Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 118-бабына және табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4-бабының 13) тармақшасына сәйкес, реттелетін қызметтер – бұл табиғи монополия субъектілері ұсынатын және уәкілетті орган тарапынан мемлекеттік реттеуге жататын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер.
Аталған Заңның 4-бабының 7) тармақшасына сәйкес, инвестициялық бағдарлама – бұл инфрақұрылымды кеңейтуге, жаңғыртуға, реконструкциялауға, жаңартуға және қолдауға, сондай-ақ жаңа активтер құруға бағытталған, технико-экономикалық және (немесе) экологиялық нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар кешені болып табылады.
Заңның 21-бабының 6-тармағына сәйкес, бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыру, сондай-ақ оны жүзеге асыру үшін тартылған қарыз қаражаттарын және мемлекеттік бағдарламалар мен (немесе) ұлттық жобаларды іске асыруға тартылған қаражаттарды қайтару тарифте ескерілген пайда мен амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылады.
Осылайша, тариф құрамына енгізілген пайда мен амортизациялық аударымдар мақсатты сипатқа ие және тек бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыруға бағытталуы тиіс. Шығындық әдіс бойынша тариф қалыптастыру кезінде бұл қаражаттарды еркін немесе қалдық қағидатымен пайдалану көзделмеген.
Сонымен қатар, тарифтік сметада реттелетін қызметті жүзеге асыруға қажетті өзге де шығындар көзделген, оның ішінде еңбекақы төлеуге арналған шығындар, міндетті аударымдар, стратегиялық ресурстарды (көмір, мазут, дизель отыны, электр энергиясы, су, тасымалдау және т.б.) сатып алу, негізгі құралдардың амортизациясы, жөндеу және инвестициялық іс-шаралар.
Осыған байланысты тариф реттелетін қызмет көрсету бойынша экономикалық негізделген шығындарды өтеуді және инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталатын қаражаттарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамасы табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың талаптарын және қаражаттардың мақсатты пайдаланылу ерекшеліктерін ескере отырып қолданылуы тиіс.
Тариф – экономикалық негізделген шығындар негізінде қалыптастырылатын реттелетін қызметтің ақшалай көрінісі болып табылады және тарифтік реттеу мақсатында қолданылады. Бұл ретте тарифтік смета салықтық міндеттемелерді айқындау үшін негіз бола алмайды.
Сонымен қатар, тарифтік сметада көзделген шығындар мен нақты жұмсалған шығындар арасында ауытқулар анықталған жағдайда, мұндай фактілер белгіленген тәртіппен көрсетіліп, тиісті талдауға жатқызылуы тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1191283?lang=kk