«Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы» ММ-де 2026 жылғы 01 сәуір мен 30 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы
01.04.2026 10:26:28 210
Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40 мекенжайында орналасқан «Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы» ММ 2026 жылғы 01.04. бастап 30.04. дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
Сұрақтар мен ұсыныстар туындаған жағдайда 8(7232)713-268 телефоны немесе r.kurmusheva@akimvko.gov.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.
«Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты өз қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған өзара байланысты принциптердің, процедуралардың және нақты іс-шаралардың кешені болып табылады.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мақсаттары:
— сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық себептерін анықтау және кейіннен жою (сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы);
— сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету;
— мекеме қызметкерлерінің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру.
Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі міндеттері:
— мекемеде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептерді анықтау және жою;
— мекеме қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық қызметіне тарту қаупін азайту;
— сыбайлас жемқорлық жағдайында қызметкерлер іс-әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеу;
— адамгершілік нормаларына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылық негіздеріне оқыту әдістерін жетілдіру;
— сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат іс-шараларының тиімділігіне мониторинг жүргізу;
— қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі нормаларын білу және сақтау міндетін белгілеу.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы негізгі нормативтік құқықтық акт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады.
СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Call-орталығы – 1424 Шығыс Қазақстан облысы бойынша Полиция департаменті – 8 /7232/ 23-43-32 Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы – 8 /7232/ 24-32-99
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлама Егер Сіз «ШҚО Туризм басқармасы» ММ қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының еріксіз куәгері болсаңыз: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық дерегі туралы келесі жолдармен хабарлай аласыз:
7 7232 713-268 телефон нөмірі бойынша
жазбаша түрде пошталық мекенжай бойынша: 070004, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қ., М. Горький көш., 40, «ШҚО Туризм басқармасы» ММ
жазбаша түрде электрондық мекенжайға: r.kurmusheva@akimvko.gov.kz
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1191351?lang=kk