Өскемен қалалық мәслихатта кезектен тыс сессия өтті
01.04.2026 17:34:05 243
Кезектен тыс сессияда Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары тұрғын үй көмегін көрсету бойынша халықты әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіруге байланысты мәселені қарады. Атап айтқанда, аз қамтылған отбасы (азаматтар) шығыстарының жол берілетін шекті деңгейінің шегін ағымдағы және жинақтаушы жарналарға 7% - дан 5% - ға дейін төмендетуді, коммуналдық қызметтер мен стационарлық нүктелердің байланыс қызметтерін тұтынуды көздейтін шешім қабылданды.
Тұрғын үй көмегіне құқық аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), егер олардың көрсетілген төлем түрлері бойынша нақты шығыстары белгіленген жол берілетін шекті деңгейден асқан жағдайда беріледі.
Мұндай өзгеріс коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыстары табыстың 5%-ынан асатын қаланың әлеуметтік осал тұрғындары үшін тұрғын үй көмегін қолжетімді етеді.
Сонымен қатар, кадрлық өзгерістерге байланысты бірқатар ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамы жаңартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1191944?lang=kk