Жазып берілген ЭШФ бойынша ҚҚС сомасын есепке жатқызу бойынша
01.04.2026 17:41:44 239
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді іске асыру шеңберінде (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген), «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде берілген ЭШФ бойынша «ҚҚС сомасын есепке жатқызу» тетігінің іске асырылғанын хабарлайды.
Аталған тетік «Алынған ЭШФ» бөлімінде ЭШФ -ны есепке жатқызу үшін жеке-жеке немесе тоқсан бойынша жаппай таңдауды жүзеге асыруды көздейді.
Тиісті ЭШФ таңдалғаннан кейін салық төлеушіге ЭШФ тіркеу нөмірін, есептелуге жататын ҚҚС сомасын, сондай-ақ жатқызу жүргізілетін тоқсан мен жылды қамтитын жиынтық ақпарат қолжетімді болады.
Бұл ретте тетік ҚҚС сомасын ішінара есепке жатқызу мүмкіндігін қарастырады, яғни салық төлеуші нақты есептік кезеңде есепке жатқызылатын салық сомасын өз бетінше айқындай алады.
Сондай-ақ бұрын есепке жатқызылған ҚҚС сомасын кейіннен редакциялау мүмкіндігі көзделген, оның ішінде соманы ұлғайту немесе азайту арқылы түзетуге болады.
Осылайша, аталған тетік ЭШФ-да тек есепке жатқызуға жататын ҚҚС бөлігін ғана көрсетуге мүмкіндік береді, ал қалған бөлігін, егер ол қайта шот-фактура ретінде ұсынылатын болса, есепке жатқызбауға болады.
Сонымен қатар, Комитет сайтында жаңартулары бар әзірлеушіге арналған жинақ (SDK) орналастырылғанын хабарлаймыз, ол келесі сілтеме арқылы жүктеуге қолжетімді: https://kgd.gov.kz/sites/default/files/ftpdata/ESF/esf-sdk-311225.rar
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1191955?lang=kk