Тасқынға тосқауыл: аумақтық қорғаныс бригадалары бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізуде
02.04.2026 10:02:39 161
«Астана» өңірлік қолбасшылығының 150 әскери қызметшісі жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындарға су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсетіп жатыр.
Бірлескен жұмыстар күшейтілген режимде жүргізіліп, қауіпті учаскелерде тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылған. Тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарын су басып қалмау үшін инженерлік және профилактикалық шаралары кешенді түрде жүзеге асырылып жатыр.
99265 және 99260 әскери бөлімдерінің сарбаздары инертті материалдар салынған қапшықтар төсеп, бөгеттерді нығайтып жатыр. Сондай-ақ су ағатын арналарды қар мен мұздан тазалау жұмыстарын жүргізілуде.
Ақмола, Қостанай облыстарының аумақтық қорғаныс бригадаларының күшімен 13 тұрғын үйдің ауласы қардан тазартылды. Ал бөгеттерге 3 мыңнан астам қапшық төселді.
Азаматтық қызметтермен бірлескен өзара іс-қимыл жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1192249?lang=kk