2026 жылы алкоголь өнімдерін сатуға лицензияны қалай алуға болады
02.04.2026 12:22:13 187
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне сәйкес жекелеген қызмет түрлеріне лицензияны пайдаланғаны үшін төлем алынып тасталды.
Енді лицензиялық алым тек лицензия алған кезде бір рет төленеді.
Өтініштерді қабылдау және лицензия беру "электрондық үкімет" порталы арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz (http://internal.elicense.kz)
Алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату лицензиясын
Мемлекеттік кірістер департаменті береді.
Лицензиялық алым төлеу тәртібі:
Алым белгіленген ставкалар бойынша есептеледі
Лицензия алғанға дейін төленуі тиіс
Төлем КБК 105402 ("лицензиялық алым") бойынша жүргізіледі
Алым мөлшері (ҚР Салық кодексінің 616-бабы) келесідей мөлшерде белгіленген:
Астана, республикалық маңызы бар қалалар және облыс орталықтары – 100 АЕК
Басқа қалалар мен кенттер – 70 АЕК
Ауылдық елді мекендер – 30 АЕК
Қажетті құжаттар (электронды түрде):
- Өтініш
- Лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат
- Үй-жайға қатысты құжаттар (жалдау/пайдалану шарты)
- Нысанның талаптарға сәйкестігін растайтын мәліметтер
Маңызды талап:
Объект келесі орындардан тыс орналасуы тиіс:
- Білім беру ұйымдары
- Денсаулық сақтау мекемелері
- Спорт және сауықтыру нысандары
- Жанармай құю станциялары
- Сауда базарлары
- Мәдени-демалыс орындары
Барлық құжаттар электронды форматта тапсырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1192428?lang=kk