Еуразиялық экономикалық одаққа қосылған құн салығынан босатылған айналымдар мен импорт

Еуразиялық экономикалық одаққа қосылған құн салығынан босатылған айналымдар мен импорт

02.04.2026 14:22:43 203

Құрметті салық төлеушілер, ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасы хабарлайды.

Мыналарды өткізу өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады:

- егер Қазақстан Республикасы оларды өткізу орны болып табылса, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 48-тарауында көрсетілген жұмытсар, көрсетілетін қызметтер;

- Қазақстан Республикасының аумағында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарларды жөндеу бойынша, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, көрсетілетін қызметтер.

ҚР Салық кодексінің 515-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар осы тармақшада көрсетілген қызметтердің көрсетілгенін растайтын құжаттар болып табылады.

Осы тармақшада өрсетілген қызметтердің тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

- ҚР салық төлеушісі ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісіне көрсететін халықаралық байланыс қызметтері.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1192497?lang=kk