Бесқарағай ауданы білімі бөлімінің басшысы Қоянбай, Сосновка орта мектептерінде жұмыс сапарымен болды.
02.04.2026 16:23:24 176
Жұмыс сапары барысында Қоянбай орта мектебінің ұжымы және ата-аналарымен кездесу өткізіп, мектепте бала санын азайуын талқылап, “Қаладан-ауылға” пилоттық бағдарламасын пайдаланып, оқушылар санын көбейту бойынша ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, бөлім басшысы мектептің материалдық-техникалық базасының жағдайын қарау барысында жылу жүйесіне, асханаға жобалық-сметалық құжаттар дайындауды тапсырды.
Жұмыс сапары жалғасында Сосновка орта мектебінің 5-11 сынып оқушыларымен профилактикалық жиналыс өткізіп, каникул күндері уақыттарын тиімді пайдалануды айтты.
Сонымен қатар, Сосновка орта мектебінің ұжымына алдағы уақытты оқушылардың МОДО халықаралық зерттеуге оқушыларды цифрлық платформалармен дайындығына аса мән беру қажеттігі, ұстаздардың ПББ ға дайындығын күшейту мәселелерін талқылап, тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1192607?lang=kk