БҚО-да тергеу изоляторына телефон кіргізбек болған азамат ұсталды

БҚО-да тергеу изоляторына телефон кіргізбек болған азамат ұсталды

03.04.2026 10:04:06 237

БҚО-да тергеу изоляторына 23 жастағы азамат 3 дана смартфондарды жеке мақсатта пайдалану үшін тергеудегі досына кіргізуге тырысқан. Алайда әрекеттері дер кезінде әшкереленді. Ыссы тамақ ыдысының ішіне жасырылған смартфондарды режим бөлімі қызметкерлері сәлемдемені тексерген кезде тапты. Мекеме қызметкерлері тыйым салынған затты тәркіледі.
Аталған факті бойынша мекеме қызметкерлері құқық бұзған азаматқа қатысты тергеудегі және сотталғандарға тыйым салынған заттарды кіргізуге және беруге жол бермеу туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.
№74 мекемесінің режим және күзет бөлімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1193040?lang=kk