Женевада Қазақстан киносының апталығы өтті
03.04.2026 16:03:29 259
Женева, 2026 жылғы 31 наурыз – 2 сәуір – Қазақстан Республикасының Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі «Qazaqfilm» ұлттық киностудиясымен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан киносының апталығын ұйымдастырды.
Женева жұртшылығына «Ұлы дала таңы», «Композитор» және «Әміре» фильмдері ұсынылып, олар Қазақстан тарихының маңызды кезеңдерін, рухани құндылықтарын және бай мәдени мұрасын көрсетті.
Кинокөрсетілім дипломатиялық корпус өкілдерін, халықаралық ұйымдарды және қазақстандық диаспораны біріктіріп, мәдени алмасуға және заманауи қазақстандық киномен танысуға мүмкіндік берді.
Көрсетілімдер Ұлттар сарайындағы «Қазақстан» залында өтіп, халықаралық іс-шаралар мен мәдени бастамалар үшін маңызды алаң ретінде қызмет етуді жалғастыруда.
Қазақстан киносының апталығы еліміздің тарихы мен мәдениетіне деген жоғары қызығушылықты көрсетіп, мәдени дипломатияның өзара түсіністік пен мәдениетаралық диалогты нығайтудың тиімді құралы ретіндегі маңызын айқындады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1193552?lang=kk