Семейде ұландықтар ер адамға алғашқы көмек көрсетті
03.04.2026 19:54:27 314Семей қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері көшеде жағдайы күрт нашарлаған ер адамға дер кезінде көмек көрсетіп, ауыр салдардың алдын алды.
Оқиға 2 сәуір күні сағат 18:05 шамасында патрульдеу кезінде орын алған. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарған 5511 әскери бөлімінің әскери жасағы Глинки көшесі бойымен келе жатып, №26 үй маңында қансырап ер адамды байқайды.
Жәбірленушінің туысының айтуынша, ер адамда бір жыл бұрын жасалған отадан кейін пайда болған тромбтардың үзілуі салдарынан қан кеткен.
Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Илья Исаков алғашқы медициналық көмекті ұйымдастырып, жедел жәрдем шақыртты. Дәрігерлер келгенге дейін әскери қызметшілер ер адамның жағдайын бақылауда ұстап, оны тұрақтандыру үшін қажетті шараларды қабылдады.
Ұландықтардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында зардап шегушінің жағдайы оңалып, ол дер кезінде медицина мамандарына тапсырылды.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1193874?lang=kk