Пәкістан бизнесінің өкілдері Қазақстанмен сауда-инвестициялық байланыстарды одан әрі кеңейтуге қызығұшылық білдіруде
06.04.2026 09:53:26 117
Исламабад, 2026 жылғы 2 сәуір –Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан бизнес топтарының жетекші өкілдерін «Уэл Коннект ЛТД» компаниясының СЕО Хабил Ахмед Хан мырзаны және Усман Шаухат мырза бастаған Равалпинди қ. Сауда-Өнеркәсіп палатасының делегациясын қабылдады.
Елші пәкістандық бизнесмендерді екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Исламабадқа мемлекеттік сапарының қорытындылары, оның ішінде Қазақстан-Пәкістан Бизнес форумы туралы хабардар етті.
«Уэл Коннект ЛТД» СЕО-мен сұхбат аясында,Х.А.Хан Қазақстанмен инвестиция және қаржы, энергетика, білім беру және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін жоғары бағалады, соңдай-ақ Қазақстан мен Пәкістан аумағында іске асыруға жоспарланған бірлескен жобаларды егжей-тегжейлі талқылау өтті.
Равалпинди қ. Сауда-Өнеркәсіп палатасының делегациясымен кездесу барысында Е.Қыстафин перспективалы жобалар, бизнесті жүргізу мүмкіндіктері мен Қазақстанның экономикалық әлеуеті, экономиканың негізгі салалары және олардың көрсеткіштері, өткен және жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді. Елші Равалпинди қ. бизнесмендерін жақын арада Қазақстанның инвестициялық әлеуетімен танысу және тікелей байланыс орнату үшін Қазақстанға келуге шақырды.
Өз тарапынан У.Шаухат халықаралық құқыққа сәйкес тікелей шетелдік инвестицияларды қолайлы реттеу мен қорғаудың практикалық мүмкіндіктері бар Астана халықаралық қаржы орталығы мен Қазақстанның басқа да қаржы институттарының әлеуетін зерттеуге қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша Равалпинди қ.Сауда-Өнеркәсіп палатасының басшылығы ағымдағы жылы бизнес-делегация құрамында Қазақстанға келуге дайын екенін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1194208?lang=kk