2026 жылдың 8 сәуірінде Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы болып өтті

2026 жылдың 8 сәуірінде Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы болып өтті

08.04.2026 18:48:24 46

2026 жылдың 8 сәуірінде Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы болып өтті. Депутаттар бірінші сұрақ бойынша «Меңдіқара ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ә.Ө. Қошановтың «Жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы» ақпаратын тыңдады.
екінші сұрақ бойынша «Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.В. Тимашованың «Меңдіқара ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» ақпаратын тыңдады.
үшінші және төртінші сұрақтар бойынша Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары Н.О. Бажировтың «Мәслихаттың 2024 жылғы 04 шілдедегі № 131 «Меңдіқара ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» және «Мәслихаттың 2024 жылғы 04 шілдедегі № 132 «Меңдіқара ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
бесінші сұрақ бойынша Меңдіқара ауданының АСК төрағасы Р.С. Байсақаловтың «Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 87 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» ақпаратын тыңдады.
Аудан депутаттарымен қарастырылған сұрақтар бойынша сұрақтар қойылған болатын, оларға нақты жауаптар алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1196687?lang=kk