Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары "Батыс" өңірлік қолбасшылығын аралады

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары "Батыс" өңірлік қолбасшылығын аралады

09.04.2026 18:08:59 315

Жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары полковник Ербол Құмарбекұлы "Батыс" өңірлік қолбасшылығына барып, 6655, 5517 және 5546 әскери бөлімдерінің қызметімен танысты.

Сапардың мақсаты бөлімшелердің жауынгерлік мүмкіндіктерін, олардың материалдық-техникалық базасының жай-күйін зерделеу, сондай-ақ жеке құраммен кездесулер өткізу болды.

Сапар барысында полковник Ербол Құмарбекұлы әскери инфрақұрылым нысандарын аралап, бөлімшелердің қару-жарақ және техникамен жабдықталу деңгейін бағалады. Сондай-ақ әскери қызметшілерді жауынгерлік даярлау және кәсіптік оқыту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сапар аясында Бас қолбасшы орынбасары Орал және Атырау қалаларындағы әскери қызметшілерге арналған казарма құрылысының барысымен танысты. Ол жеке құрамды орналастырудың жайлы әрі заманауи жағдайларын жасау — құқықтық тәртіп әскерінің әскери инфрақұрылымын дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Сапар қорытындысында тәртіптің, үйлесімділік пен жеке құрам дайындығына жоғары баға берілді.

Жұмыс сапары аясында өткен әскери қызметшілермен кездесу барысында қызметтің өзекті мәселелері, қойылған міндеттер мен бөлімшелерді одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1197587?lang=kk