Жеке кәсіпкерлердің электрондық шот-фактураларды (ЭшФ) жазып беруі туралы

Жеке кәсіпкерлердің электрондық шот-фактураларды (ЭшФ) жазып беруі туралы

10.04.2026 09:44:26 201

Жеке кәсіпкерлердің электрондық шот-фактураларды (ЭСФ) жазып беруі туралы
2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларына сәйкес қосылған құн салығын (ҚҚС) қолдану және электрондық шот-фактураларды (ЭСФ) жазып беру тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізіледі.
Жалпыға бірдей белгіленген режимді (ЖБР) қолданатын жеке кәсіпкер (ЖК) 2026 жылы 10 000 АЕК мөлшеріндегі ең төменгі айналым шегіне жетпеген жағдайда ҚҚС бойынша есепке тұрмауға құқылы. Қажет болған жағдайда ол өз еркімен есепке тұра алады.
Айта кету керек, 2026 жылдан бастап оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін (АСР) қолданатын салық төлеушілер, айналым көлеміне қарамастан, ҚҚС төлеуші болып табылмайды. Осылайша, ҚҚС төлеушілер тек жалпыға бірдей белгіленген режимдегі (ЖБР) жеке кәсіпкерлер болуы мүмкін.
Жаңа Салық кодексінің 207-бабына сәйкес, ҚҚС төлеушілер ЭСФ-ны жалпы тәртіппен жазып беруге міндетті.
Сонымен қатар, жаңа Салық кодексінің 208-бабына сәйкес, ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеушілер де жекелеген жағдайларда ЭСФ жазып беруге міндетті, атап айтқанда:
«Виртуалды қойма» модулінде есепке алынған тауарларды өткізу кезінде;
халықаралық тасымалдарды жүзеге асырған кезде;
кедендік және сыртқы экономикалық қызметтің жекелеген қатысушылары тарапынан жүзеге асырылатын қызметтер кезінде;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.
Сонымен бірге, ЭСФ келесі жағдайларда талап етілмейді:
есеп айырысулар кассалық чектермен немесе төлем құжаттарымен расталған кезде;
белгілі бір қызмет түрлері (коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, көлік билеттері және т.б.) көрсетілгенде;
жеке тұлғалармен жасалған кейбір операциялар кезінде.
ЭСФ электрондық нысанда, «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі (ИС ЭСФ) арқылы рәсімделеді (жаңа Салық кодексінің 209-бабы).
ЭСФ жазып берудің жалпы мерзімі – тауарды өткізу (жұмыс, қызмет көрсету) күнімен есептелетін 15 күнтізбелік күн. Жекелеген жағдайларда арнайы мерзімдер белгіленеді.
Заңнамада қағаз түрінде шот-фактураларды рәсімдеудің шектеулі жағдайлары көзделген, оның ішінде:
телекоммуникациялық желінің болмауы;
ақпараттық жүйеде техникалық ақаулардың туындауы;
төтенше жағдайлар.
ЭСФ жазып беру тәртібі мен мерзімдерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Осылайша, электрондық шот-фактураларды жазып беру міндеті ҚҚС бойынша есепке қоюмен тікелей байланысты емес және салық заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес айқындалады.
Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді заң талаптарын сақтауға және салықтық міндеттемелерді уақытылы орындауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1197803?lang=kk