Қазақстан мен Ливан арасындағы іскерлік байланыстар назарда
10.04.2026 14:18:13 276
9 сәуір күні Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы адам құқықтары жөніндегі Елші, Ливанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің мүшесі Шарбель Юнан және Дүниежүзілік Ливан мәдени одағының Океания бойынша вице-президенті Анри Бу Сааб қатысты. Тараптар Қазақстан мен Ливан арасындағы өзара бизнестен бизнеске арналары арқылы іс-қимылды тереңдету жолдарын талқылады. Әсіресе инвестицияларды ынталандыру, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ гуманитарлық және ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне назар аударылды. Жиын барысында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру перспективалары атап өтіліп, өзара сапарлар мен іскерлік іс-шараларды ұйымдастырудың практикалық нұсқалары қаралды. Сондай-ақ тараптар тиісті ұйымдар мен кең бизнес қауымдастығы арқылы Қазақстан–Ливан ынтымақтастығын ілгерілетуге бағытталған бастамаларды бірлесіп зерделеуді жалғастыру және тұрақты байланыста болу туралы келісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1198255?lang=kk