🔰«KEDEN» ақпараттық жүйесінде «Тауарға арналған декларация» функционалын іске қосу туралы

🔰«KEDEN» ақпараттық жүйесінде «Тауарға арналған декларация» функционалын іске қосу туралы

10.04.2026 16:28:53 254

🔰«KEDEN» ақпараттық жүйесінде «Тауарға арналған декларация» функционалын іске қосу туралы
❇️Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!
🔹МКК «KEDEN» ақпараттық жүйесінде «Тауарға арналған декларация» функционалын іске қосуға қатысты қосымша ақпаратты хабарлайды.
2026 жылғы 10 сәуірде сағат 21:00-ден бастап «АСТАНА-1» АЖ функционалды көшіру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіледі, осыған байланысты жүйеге қолжетімділік шектеледі.
▫️«KEDEN» ақпараттық жүйесінде «Тауарға арналған декларация» функционалы 2026 жылғы 11 сәуірде сағат 00:00-ден бастап жұмыс істей бастайды.
▪️«KEDEN» АЖ тіркелу және авторизациялау кезінде туындауы мүмкін қиындықтарды болдырмау мақсатында:
• жүйеде алдын ала тіркеуден өтуді;
• ұзақ уақыт белсенділік болмаған жағдайда тіркелу жазбаларының бұғатталмағанын тексеруді;
• «KEDEN» ақпараттық жүйесінде кедендік операцияларды жүзеге асыру кезінде қолданылатын электрондық цифрлық қолтаңбалардың қолданылу мерзімдерін бақылауды және қажет болған жағдайда оларды уақтылы ұзартуды сұраймыз.

🔷2026 жылғы 11 сәуірде сағат 00:00-ден бастап:
1. «ВТД» декларациялау ерекшелігімен «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде шығарылған ТД бойынша рәсімдер «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде аяқталуға жатады («ПВД» декларациялау ерекшелігі ТД тапсыру және шығару).
🔶2.Тауарларды шығару «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған «ВДТ» декларациялау ерекшелігі бар ТД бойынша декларацияларды беру «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
🔷3.«KEDEN» ақпараттық жүйесінде ТД функционалы іске қосылған сәтте кедендік бақылауы аяқталмаған ТД бойынша тауарларды шығару «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
🔶4. «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде тіркелген «ПТД» декларациялау ерекшелігі бар ТД бойынша тауарларды шығару «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылатынын қосымша түсіндіреміз.

🔳Қосымша ақпарат жаңартылған сайын МКК ресми ақпараттық ресурстарында орналастырылады.
СЭҚ қатысушылар үшін тәулік бойы әдіснамалық және техникалық қолдау сервисі жұмыс істейтінін еске саламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1198416?lang=kk