«KEDEN» жүйесінде жаңа функционалдардың іске қосылуы туралы

«KEDEN» жүйесінде жаңа функционалдардың іске қосылуы туралы

13.04.2026 17:47:40 263

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «KEDEN» АЖ жүйесінде «Тауарларға декларация» функциясының іске қосылуына байланысты 2026 жылғы 11 сәуір сағат 00:00-ден бастап жұмыс істейтінін хабарлайды.
Осыған байланысты 2026 жылғы 10 сәуірден бастап «Кеден» АЖ жүйесінде «Салықтар, кедендік баждар, антидемпингтік, арнайы, өтемдік баждарды төлеуді жүзеге асыру міндеттемесіне  қамтамасыз ету» модулін (әрі қарай -  қамтамасыз ету) ТД, ТӘӨ, ТСҚ бойынша қамтамасыз ету тіркеуге өтініш беру бөлігінде іске қосу жоспарлануда.
«Астана-1» АЖ жүйесі арқылы қамтамасыз етуді тіркеу жаңа функцияның іске қосылуына байланысты 2026 жылғы 10 сәуір сағат 21:00-ден бастап тоқтатылады.
«Қамтамасыз ету» модулінде мемлекеттік қызметті орталықтандырылған көрсету бойынша функционалды жүзеге асыру қарастырылған, өтінішті беру кезеңінен бастап қамтамасыз етуді тіркеуге дейін және қамтамасыз ету статустарын автоматты түрде белгілеуге дейін. Жүйеде СЭҚҚ мен МКД лауазымды тұлғалары үшін өтініштердің қаралуы, қамтамасыз етудің тіркелуі, сондай-ақ қамтамасыз етудің тіркелуін бас тарту туралы хабарламалар көрсетіледі.
Осы функционалда қамтамасыз етудің мүлікті кепілге қоюмен байланысты болу шарттары бойынша сақтандыру шартын, банк кепілдігі, кепілге қою келісімін алу бөлігінде мемлекеттік органдармен интеграциялар қарастырылған.
Аталғандарды ескере отырып, келесі мәселелерді назарға алу қажет:
1. Е-Otinish, Documentolog арқылы және қағаз түрінде берілген өтініштер қабылданбайды, мүлік кепілдігін беруге арналған келісімнің түпнұсқасын және мүлікті бағалау туралы есепті ұсыну жөніндегі өтініштер (қосымша жөнелту) қоспағанда.
2. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу міндетінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жасалған сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 102-бабына сәйкес АИС «ЕСБД» (Автоматтандырылған Ақпараттық Жүйе "Біртұтас Сақтандыру деректер базасы") арқылы автоматты түрде алу жүзеге асырылды.
3. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу міндетінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында банктік кепілдіктер туралы мәліметтерді Кодекстің 99-бабына сәйкес АИС «БДКИ» (Автоматтандырылған ақпараттық жүйе «Несие тарихтары деректер базасы») арқылы автоматты түрде алу функциясы жүзеге асырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1199832?lang=kk