Сингапурда көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды

Сингапурда көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды

14.04.2026 10:06:25 232

Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Асқар Құттықадам Сингапур Сыртқы істер министрлігінің көпжақты ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Бас директоры Нг Бун Янмен жұмыс кездесуін өткізді.

Қазақстандық дипломат 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған ҚР жаңа Конституциясына сәйкес, еліміз халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын құрметтейтінін, бейбітшілік пен мүдделі мемлекеттермен ынтымақтастық саясатын жүргізетінін, олардың ішкі істеріне араласпау және халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу ұстанымын ұстанатынын атап өтті.

Осы орайда тараптар Қазақстан мен Сингапурдың мультилатерализм мен халықаралық құқық идеалдарына берік бейілділігін, сондай-ақ жаһандық сын-қатерлер жағдайында орта және шағын мемлекеттердің күш-жігерін біріктіру қажеттігін қанағаттанушылықпен атап өтті.

Қазақстандық дипломат Президент Қ.К.Тоқаев 2025 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясының жалпы дебаттарындағы сөзінде мәлімдегендей БҰҰ реформасы жөніндегі Астананың негізгі ұстанымдарын, соның ішінде Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің мүдделерін ескере отырып Қауіпсіздік Кеңесін жаңғырту мәселесімен таныстырды.

Қазақстан тарапы БҰҰ жүйесін трансформациялау және нығайту ісіне түрлі халықаралық бастамаларды ұсыну арқылы практикалық үлес қосуға ұмтылатыны атап өтілді. Олардың қатарында 2025 жылы Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығын құру, БҰҰ-ның ЭСКАТО аясында тұрақты даму үшін цифрлық шешімдердің Азия-Тынық мұхиты орталығын құру және Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру жөніндегі ұсыныстар бар.

Кездесу барысында ерекше назар Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасына аударылды. Сингапур тарапы 2026 жылғы 23 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит аясындағы консультациялар шеңберінде осы маңызды идеяны талқылауға қайтадан шақырылды.

Кездесу барысында тараптар халықаралық аренадағы қазақ-сингапур өзара іс-қимылының жай-күйіне, соның ішінде бір-бірінің бастамалары мен кандидатураларын өзара қолдауға оң баға берді. 2026 жылғы сәуірдің соңында Астанада өтетін сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың бесінші раунды және жоғары деңгейдегі өзге де жоспарланған іс-шаралар қарсаңында тараптар екі елдің басымдықтары мен БҰҰ жүйесінің бірқатар мекемелерінің басшылық органдарына ұсынылатын кандидатуралар бойынша өз ұстанымдары бойынша «сағаттарды теңестірді».

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-singapore/press/news/details/1200141?lang=kk