Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына. СЭҚ үшін маңызды: кедендік тізілімдерге жаңа қолжетімділік
14.04.2026 18:36:00 131
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!
Сіздерді кедендік тізілімдермен танысу тәртібіндегі өзгерістер туралы хабардар етеміз. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 485-бабына сәйкес кеден органдары кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдерін жүргізетінін естеріңізге саламыз.
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасына (МОИРБТ) көшуге байланысты заңды тұлғаларды тізілімдерге енгізу, олардан шығару туралы өзекті ақпарат, сондай-ақ қызметті тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы мәліметтер енді жаңа мекенжай бойынша орналастырылады. gov.kz порталында мына бөлімге өтіңіз: Қызмет – Салалық құжаттар – Кедендік әкімшілендіру – Тізілімдер.
Жылдам өту үшін мына тікелей сілтемені пайдаланыңыз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/282421?lang=ru
Өзекті деректерге жедел қол жеткізу үшін осы сілтемені сақтап қоюды ұсынамыз.
Бұрын бұл ақпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында – https://kgd.gov.kz орналастырылатын.
Павлодар облысы бойынша МКД кедендік әкімшілендіру басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1200790?lang=kk